Олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
− диаграммаларды, сызу аспаптарын, компьютерлерді және/немесе маркалау құрылғыларын пайдалана отырып киімдердің қарастырылған өлшем диапазоны шеңберінде әр өлшемнің эталон дайын үлгісін әзірлеу;
− компьютердің көмегімен киімдердің жеке нұсқаларына арналған дайын үлгілер детальдарын немесе сәулелік көшірмелерін жасау;
− материалдарды созу есебімен және өлшеміне сәйкес дайын үлгілердің габариттерін есептеу;
− детальдарды біріктіру орнын, сондай-ақ бүрмелердің, қалталардың, ілгектердің қиімдегі, декоративтік тігістердің аяқ киім жұптарындағы немесе құлақшалардың кенептен жасалған бұйымдардағы орналасу жерін компьютерлерді немесе сызу
аспаптарын пайдалана отырып көрсету;
− ойылып кесілген жердің жеке нүктелерін орналастыру немесе барынша шығуын алу үшін материалдарды өлшеу немесе шаблондарды орналастыру, сонымен қатар маталарды тиісінше белгілеу;
− эталон дайын үлгілерді маталарға салу және үлгілерді жасау;
− киімнің сынамалы даналарын тігу және қиыстырып келтіру арқылы дайын үлгілерді тексеру;
− матаның жоғары қабатына дайын үлгіні орналастыру және электрлік және қол пышақтарын, кескіштерді және сандық бағдарламалық басқарылуы бар пішу машиналарының көмегімен дайын үлгілер бойынша маталарды кесу;
− киім детальдарын немесе басқа да үлбір бұйымдарын шығару үшін маталарды немесе үлбір терілерді пішу;
− артық материалды кесу немесе дайын өнімдердің бекітілмеген шеттерін кесуді қоса алғанда, дайын өнімдерден жіптерді кесу;
− былғарының беткі жағының құрылымын, материалдың дефектілерін және созылуын ескере отырып, материалды барынша ұтымды пайдалану мақсатында былғарыны машиналардың платформаларына кесу үшін орналастыру;
− жұмсақ маталардан тігілген киімдерді және кенептен жасалған бұйымдарды қоса алғанда, басқа бұйыдарды өндіру кезінде үлгілерді жасау, белгілеу және пішу.
2025 ж. 1 қыркүйек